Путинцева мен Дияс Astana Open WTA 250 додасына қатысады

1 сентября 2021 года

Юлия Путинцева (33) мен Зарина Дияс (110) 25 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Astana Open WTA 250 турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылар шақырғандардың қатарында әлемнің 52 -ракеткасы, ресейлік Людмила Самсонова, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы және «Үлкен дулыға» додасының бес турнирінде тор жарған француз Кристина Младенович, әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы жекелей сында екі «Үлкен дулыға» турнирінің финалисі – ресейлік Вера Звонарева бар.

Халықаралық турнирде сондай-ақ швециялық Ребекка Петерсон (54), чех қызы Тереза Мартинцова (60), Бельгия теннисшісі Алисон Ван Эйтванк (61), румыниялық ойыншы Ирина-Камелия Бегу (63), словениялық Полона Херцог (86), хорваттиялық Анна Конюх (88) және басқалар қатысады.

Тағы төрт спортшы іріктеу арқылы турнирдің негізгі кезеңіне өтеді, ал қалған төртеуі ұйымдастырушылардан wild card алады.

Источники править

 
 
Creative Commons
Эта статья содержит материалы из статьи «Путинцева мен Дияс Astana Open WTA 250 додасына қатысады», автор: Маргулан Жакып, опубликованной Metaratings.ru и распространяющейся на условиях лицензии Creative Commons Attribution 4.0 (CC BY 4.0) — при использовании необходимо указать автора, оригинальный источник со ссылкой и лицензию.
 
Эта статья загружена автоматически ботом NewsBots и ещё не проверялась редакторами Викиновостей.
Любой участник может оформить статью: добавить иллюстрации, викифицировать, заполнить шаблоны и добавить категории.
Любой редактор может снять этот шаблон после оформления и проверки.

Комментарии

Викиновости и Wikimedia Foundation не несут ответственности за любые материалы и точки зрения, находящиеся на странице и в разделе комментариев.